Семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды
Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы шпагамен семсерлесуден қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстандық спортшылар жарыс барысында сәтті өнер көрсетіп, Таиланд пен Жапония құрамаларын жарыс жолынан шығарды. Алайда финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Оңтүстік Корея құрамасына 29:45 есебімен есе жіберді.
Нәтижесінде Ирина Бакалдина, Дарья Самоделкина, Владислава Андреева және София Николайчук бастаған Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінің қола жүлдесін иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жалпы бес медальмен аяқтады. Бұған дейін Ирина Бакалдина жекелей шпага бәсекесінде Азия чемпионы атанса, Руслан Курбанов қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Сондай-ақ ерлер құрамасы командалық шпага сайысында алтын медаль жеңіп алса, командалық қылыш бағдарламасында қола жүлдені еншіледі.
Қазақстандық семсерлесушілердің бұл нәтижесі құрлық додасындағы ең сәтті көрсеткіштердің бірі саналады.
Фото: FIE
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған