457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан сары құрлық біріншілігінде сапы сайысынан әйелдер арасындағы командалық жарыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.

Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, София Николайчук және Дарья Самоделкинадан құралған Қазақстан құрамасы 1/8 финалда Таиланд командасын 45:22 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Ал ширек финалда Жапонияны 45:42 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты.

Енді көп ұзамай олар былтырғы Азия чемпионатының финалисі әрі Олимпиаданы екі дүркін жүлдегері Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.

 

Фото: ҰОК