457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Семсерлесуден Азия чемпионатына баратын ұлттық құрама спортшылары анықталды

Қазақстан ұлттық семсерлесу құрамасы Үндістанның Дели қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Құрлықтық дода 19-24 маусым аралығында өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарысқа барлығы 23 спортшы аттанады. Құрам үш қару түрі бойынша жасақталған.

Шпага: Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов; Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, София Николайчук, Дарья Самоделкина.

Сабля: Артём Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Жанат Набиев, Назарбай Саттархан; Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Қайша Жаныбек, Анастасия Гулик.

Рапира: Тамирлан Калиев, Ғалым Нұрумов, Тимофей Семенов; София Актаева, Алёна Гноева, Алина Искандерова.

Ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Писцовтың айтуынша, команда алдына кемінде үш медаль жеңіп алу міндеті қойылған. Сонымен қатар, бұл жарыс әлем чемпионаты мен Азия ойындарына іріктеу кезеңі ретінде де маңызды рөл атқарады.

Команда құрамында халықаралық мамандар да жұмыс істейді: рапирада – Олимпиада чемпионы Артур Ахматхузин, сабляда – француз маманы Арно Шнайдер, шпагада – украиналық бапкер Олександр Горбачук.

 

Фото: ҰОК