457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Семсерлесуден алғаш рет әлем чемпионы атанған Қазақстан ерлер құрамасы елге оралды

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан рейтингте тек Швейцария мен Францияға жол беріп, 3-орынға көтерілді.

Алматы халықаралық әуежайына Қытайдан семсерлесуден еліміздің тарихындағы тұңғыш әлем чемпиондары мен Қазақстан командасының бапкерлер құрамы мінген ұшақ қонды. Гонконг қаласында әнұранымызды шырқатқан Ерлік Сертай, Руслан Курбанов пен Вадим Шарлаимовты жанкүйерлер, туыстары, достары мен БАҚ өкілдері ыстық ықыласпен қарсы алды, деп жазады malimsports.kz
Айта кетейік, чемпиондық атаққа жету жолында Қазақстан ерлер командасы Финляндия (45:39), Өзбекстан (28:27), Дания (45:36), Мысыр (41:32) және финалда Украина (45:40) командасын тізе бүктірді.
Әлем чемпионатындағы бұл жеңіс Ұлттық құраманың сәтті өнер көрсетуінің заңды жалғасы. Қазақ семсерлесу шеберлері дәл осы құрамда жүйелі өнер көрсетіп, осыған дейін бірқатар халықаралық жарыстарда топ жарған. Атап айтқанда, 2023 жылы Ыстанбұл қаласындағы әлем кубогында, 2025 жылы Ар-Риядтағы Ислам Ынтымақтастығы ойындарында, биыл Делидегі Азия чемпионатында алтыннан алқа таққан. Сондай-ақ былтыр Грузия астанасында команда әлемдік деңгейдегі көшбасшы Францияны ұтып, қола медаль жеңіп алды. Ал енді тарихта алғаш рет әлем чемпионатында тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан әлем рейтингінде тек Швейцария мен Францияға жол беріп, 3-орынға көтерілді.

Фото: Спортты дамыту дирекиясы