Семсерлесуден әлем чемпиондарына пәтер сертификаттары берілді
Қазақстан Республикасының Спорт күніне орай өткен салтанатты жиында Шығыс Қазақстан облысының семсерлесуден әлем чемпиондарына пәтер сертификаттары табысталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, командалық шпага сайысында әлем чемпионы атанған Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходовқа баспана сертификаттары берілді. Олар семсерлесуден Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпиондары атанған болатын.
Марапаттау рәсімі облыстық филармонияда өтті. Іс-шараға спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері және дене шынықтыру мен спорт саласының өкілдері қатысты.
Руслан Құрбанов – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2026 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы және жүлдегері. Вадим Шарлаимов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2026 жылғы әлем чемпионы. Кирилл Проходов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы, Азия чемпионы және Қазақстан чемпионы.
Салтанатты жиын барысында әлем чемпиондарына пәтер сертификаттары табысталып, олардың ел спортының дамуына қосқан үлесі жоғары бағаланды.
Фото: altainews.kz
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған