Мәзір
Жаңалықтар

Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды

Сабина Асқарқызы 293 қаралым
Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін Семей қаласында дзюдодан ересектер арасындағы ел чемпионаты басталды, деп хабарлады malimsports.kz.

«Абай-Арена» спорт кешеніндегі салтанатты ашылу рәсімінде Абай облысының әкімі Берік Уәли, Қазақстан дзюдо федерациясының Бас хатшысы Тимур Болат және дзюдодан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем және Азия біріншілігінің жеңімпазы, бәсекенің құрметті қонағы Елдос Сметов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Бүгін әйелдер -48, -52 кг, ерлер -60 және -66 кг салмақта кім мықтыны анықтайды. 10-13 қараша, 2025 жыл Семей қаласы, Абай-Арена спорт кешені Кіру тегін Сондай-ақ белдесулерді Qazsport телеарнасы мен Kazakhstan Judo Team YouTube арасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Фото: ҚР дзюдо федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар