457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Семей» футзал клубы құрамын «Қайраттың» екі бірдей үздік ойыншысымен толықтырды

Футзалдан Қазақстанның қазіргі чемпионы «Семей» жаңа маусым қарсаңында құрамын тағы екі тәжірибелі ойыншымен толықтырды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Клуб алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Дәурен Тұрсағұлов пен Біржан Оразовпен ресми келісімшарт жасасқанын жариялады.

Дәурен Тұрсағұлов – ел футзалындағы ең тәжірибелі ойыншылардың бірі. Ол мансабында бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы атанып, Қазақстан кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ «Қайрат» сапында UEFA Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп, ұлттық құрамамен халықаралық деңгейде мол тәжірибе жинақтады.

Клубтың мәлімдеуінше, оның кәсібилігі мен ойын тәжірибесі «Семейдің» алдағы маусымдағы мақсаттарына жетуіне үлкен үлес қоспақ. Жаңа маусымда Тұрсағұлов командамен бірге ел чемпионатындағы титулын қорғап, UEFA Чемпиондар лигасында бақ сынайды.

Сонымен қатар «Семей» Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі, «Қайраттың» бұрынғы капитаны Біржан Оразовтың да клубқа ауысқанын ресми түрде растады.

Біржан Оразов соңғы жылдары қазақстандық футзалдың басты жұлдыздарының біріне айналды. Ол 2022 жылғы Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанып, ұлттық құраманың тарихи жетістіктеріне зор үлес қосты. Сондай-ақ «Қайрат» сапында бірнеше рет Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогын жеңіп, халықаралық турнирлерде жоғары деңгейде өнер көрсетті.

«Семей» клубының баспасөз қызметі Оразовтың келуі команданың амбициясын одан әрі күшейтетінін атап өтті.

Жаңа маусымда Біржан Оразов «Семей» сапында Қазақстан чемпионатындағы жеңіс жолын жалғастырып, UEFA Чемпиондар лигасында жоғары нәтижеге жету үшін бар күшін салады. Қош келдің, Біржан!, делінген клубтың ресми хабарламасында.

Фото: ҚФФ