457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Шахтер» сырт алаңда ұпай жоғалтты

Футболдан Бірінші лига аясында өткен ХХІ турда Қарағандының «Шахтер» командасы сырт алаңда алматылық AKAS клубымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті

Футболдан Бірінші лига аясында өткен ХХІ турда Қарағандының «Шахтер» командасы сырт алаңда алматылық AKAS клубымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл нәтиже турнирлік кестедегі қарағандылық клубтың жағдайын күрделендіре түсті. Маусым басында «Шахтер» Бірінші лигада алғашқы екі орынға үміткер командалар қатарында саналған болатын. Алайда клуб чемпионатты тұрақсыз өткізіп келеді. Соңғы тең ойыннан кейін команда маңызды ұпай жоғалтып, жоғарғы лигаға жолдама алуға деген мүмкіндігін әлсіретті.

Аталған тур аясында өзге кездесулер де өтті. 11 қыркүйекте Шымкенттің «Академия Оңтүстік» командасы өз алаңында «Ақтөбе-2» клубын 2:1 есебімен жеңсе, «Түркістан» командасы алматылық «Хан Тәңірін» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Сонымен қатар Түркістан облысының «Жетісай» командасы өз алаңында «Қайрат-2»-ні дәл осындай есеппен жеңді.

12 қыркүйекте өтетін тур ойындары аясында «Алтай» (Өскемен) мен «SD Family» (Астана), «Каспий» (Ақтау) мен «Ертіс» (Павлодар), сондай-ақ «Тараз» бен «Екібастұз» командалары арасындағы кездесулер жоспарланған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында футбол клубтарын жекешелендіру қажеттігін атап өткен болатын. Бұл бағытта алғашқы қадамдар да жасалуда.

Блогер Ербол Еділовтің хабарлауынша, бірқатар клубтарға жеке инвесторлар тартылып жатыр. Атап айтқанда, Қарағандының «Шахтер» клубы кәсіпкер Тимур Турловтың басқаруына өтсе, «Жеңіс» клубы – Михаил Ломтадзеге, ал «Қызыл-Жар» клубы – Сергей Канға сеніп тапсырылатыны айтылуда.

Ашық дереккөзден