457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шавкат Рахмоновтың жұбайы бір жылда 19 рет жол ережесін бұзғаны мәлім болды

Прокурордың айтуынша, айыпталушы апатқа дейінгі бір жыл ішінде бірнеше рет жылдамдықты шектен тыс асырған

Қазақстандық UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы бір жыл ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 19 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Бұл мәлімет Жамбыл облысында болған өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысында жария етілді, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Прокурордың айтуынша, айыпталушы апатқа дейінгі бір жыл ішінде бірнеше рет жылдамдықты шектен тыс асырған, оның ішінде белгіленген мөлшерден 40 км/сағ артық жағдайлар да тіркелген. Сонымен қатар жол белгілері мен жолақ талаптарын сақтамау, тоқтау және көлік қою ережелерін бұзу, көлік құралын белгіленген талаптарға сай пайдаланбау деректері анықталған.

Бұдан бөлек, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін сақтамау, жарық құралдарын қолдану талаптарын бұзу және жол қауіпсіздігіне қатысты өзге де әкімшілік құқықбұзушылықтар тіркелген.

Қорғаушы тарап көлікті тек айыпталушы ғана емес, басқа да тұлғалар пайдаланғанын мәлімдеді. Адвокаттың сөзінше, сақтандыру полисіне сәйкес аталған автокөлікті басқаруға Шавкат Рахмонов пен оның бауырлары да рұқсат алған. Сондықтан құқықбұзушылықтарды олардың да жасауы мүмкін екені айтылды.

Еске салайық, бұған дейін Тараз қаласында спортшының жұбайына қатысты сот процесі басталған болатын. Алдын ала тыңдаудан кейін қорғаушы тарап істі қосымша тергеуге қайтаруды сұраған. Ал жол апатынан қаза тапқан қыздың отбасы Гүлайымды кешіргенін мәлімдеді.

Аталған қайғылы жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы 27 шілдеде Алматы - Екатеринбург тас жолында болған. Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін басқарған жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аударылған. Салдарынан екі адам көз жұмды.

Фото: Ашық дереккөзден