457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шавкат Рахмоновтың UFC-тегі үзілісінің нақты себебі белгілі болды

Fight Nights промоушенінің президенті Камил Гаджиев Рахмоновты рейтингтен алып тастау мүмкін емес екенін атап өтті.

Қазақстандық ММА жауынгері Шавкат Рахмонов UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізген. Содан бері оның октагонға қашан оралатыны ресми түрде жарияланған жоқ. Осыған байланысты жанкүйерлер арасында оны UFC рейтингінен шығарып тастауы мүмкін деген алаңдаушылық пайда болды, деп жазады malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Алайда ММА саласындағы беделді мамандар бұл қауіптің жоқ екенін айтады. Fight Nights промоушенінің президенті Камил Гаджиев Рахмоновты рейтингтен алып тастау мүмкін емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, үзіліс объективті себептерге байланысты болғанымен, Шавкат UFC үшін өте маңызды спортшы.

Ал Naiza FC лигасының президенті Нұрбек Қарабала да бұл пікірді қолдап отыр Ол UFC Рахмоновтың сирек шығатынына үйренгенін және оған уақыт беретінін айтты. Менеджердің сөзінше, Шавкат жаттығуды қайта бастаған, ал жекпе-жектің кейінге шегерілуі ықтимал жарақаттармен байланысты.

Мамандардың пікірінше, Рахмоновтың физикалық жағдайы жақсы, чемпион болуына еш кедергі жоқ. Сондықтан 2026 жылы оның UFC октагонына оралуы күтіліп отыр.

Фото: Ашық дереккөзден