457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шавкат Рахмоновтың UFC дивизионындағы рейтингі жаңарды

Отандық аралас жекпе-жек шебері үздік үштікте тұр

UFC соңғы турнир қорытындысы бойынша өз рейтингін жаңартты, деп хабарлайды malimsports.kz

Өткен аптада лига Лас-Вегаста кезекті шоу өткізді. Кештің басты жекпе-жегінде бразилиялық Габриэль Бонфим ямайкалық Рэнди Браунды нокаутқа түсірді. Кездесу жартылай орта салмақ (77,1 кг дейін) санатында өтті және осы дивизиондағы рейтингке өзгеріс енгізді.

Бонфим төрт сатыға көтеріліп, топ-10-дықты түйіндеді. Ол америкалықтар Колби Ковингтон, Джефф Нил, Даниэль Родригес және бразилиялық Гилберт Бернсты артта қалдырды. Ал бұл дивизиондағы үшінші орнын Шавкат Рахмонов сақтап қалды.

Аталған салмақтағы чемпиондық белбеу австралиялық Джек Делла Маддаленаға тиесілі. Ол алдағы UFC 322 турнирінде титулын Ислам Махачевке қарсы қорғайды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Асу Алмабаев өз дивизионында — найлегчай салмақ дәрежесінде (Flyweight) тоғызыншы орнын сақтап қалды.

Ерлер арасындағы барлық салмақ дәрежелерінен тәуелсіз рейтингте көшбасшы орынды грузин Илия Топурия иеленуде. Екінші орында — Ислам Махачев, ал үздік үштікті тағы бір грузин Мераб Двалишвили түйіндейді.

Фото: