457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі титулдық жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсан айында октагонға шыққан болатын.

Америкалық UFC файтері Оди Осборн (13-9) Sports.kz сайтына берген пікірінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың (19-0) жақын болашақта чемпиондық белбеу үшін айқасу мүмкіндігіне баға берді, деп жазады malimsports.kz

"Шавкат ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізген жоқ. Бұл оның чемпиондық амбициясы үшін елеулі мәселе. Рейтингтегі жоғары орнын ескерсек те, жақын арада титулдық жекпе-жекке шығады деп ойламаймын. Оған кемінде бір-екі кездесу өткізіп, өзінің ең мықты қырын көрсетуі керек. Қазіргі таңда жартылай орта салмақта Ислам Махачев чемпион болып тұрған кезде, ол Рахмоновпен жекпе-жектен қашқақтауға тырысады. Меніңше, Махачев бұл салмақта ұзақ тұрақтамайды. Сондықтан Шавкат үшін ең тиімді сценарий - бір-екі жекпе-жек өткізіп, рейтингтің бірінші нөмірін сенімді түрде жеңу, содан кейін ғана чемпиондық белбеу үшін айқасу. Қазір мен оған титулдық жекпе-жекке шығу мүмкіндігін көріп тұрған жоқпын. Ол тым ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізбеді, - деді Осборн.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсан айында октагонға шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді (17-1) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді. Осыдан кейін қазақстандық файтер жарақаттарын емдеп, ұзақ уақыт бойы қалпына келу кезеңінен өтті.

Фото: Ашық дереккөзден