Мәзір
Жаңалықтар

Шавкат Рахмоновтың командасы UFC титулының үміткеріне жоғары баға берді

Сабина Асқарқызы 140 қаралым
Шавкат Рахмоновтың командасы UFC титулының үміткеріне жоғары баға берді

DAR Team бас бапкері Эдуард Базров ирландиялық жартылай орта салмақтың топ файтері Иэн Гэрри жайлы пікір білдірді, деп жазады malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Базров оның экс-чемпион Белал Мухаммедті жеңуін ерекше атап өтті.

Мен әрдайым Иэн Гэрри туралы айтып жүрмін — ол өте қатты өсіп келеді. Мен оны Катарда жақыннан көрдім. Өзіне сенімді, техникалық жағынан мықты, антропометриясы да керемет, ең бастысы - чемпионға тән мінез бар. Өте қызық спортшы. Гэрридің қалай жетіліп келе жатқаны анық көрінеді. Бұрынғы чемпионды жеңу – үлкен жетістік. Гэрри Белалды сабырлы түрде айқын жеңді. Жарайды, шыңға қарай сенімді қадаммен бара жатыр, - деді Базров.

Айта кетейік, қазіргі таңда Иэн Гэрри жартылай орта салмақ рейтингінде екінші орында тұр. Еске салсақ, былтыр желтоқсанда ол мансабындағы жалғыз жеңілісті Шавкат Рахмоновтан тапқан еді. Сол жекпе-жектен кейін Рахмонов октагонға қайта шыққан жоқ. Ал Гэрри сол жеңілістен кейін екі рет жекпе-жек өткізіп, мықты қарсыластарды жеңіп, қарқынды формаға енді.

Сәуірде ол Карлос Пратесті - қазіргі титулға үміткерлердің бірін - бір ауыздан шыққан шешіммен жеңді. Ал қарашада бұрынғы чемпион Белал Мухаммедті төрешілер шешімімен ұтты.

Бұған қоса, ирландиялық файтер бұған дейін UFC жартылай орта салмақ чемпионы Ислам Махачевке жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын.

Фото: Ашық дереккөзден 

 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар