Шавкат Рахмоновтың бапкері UFC-дегі келесі жекпе-жекке қатысты шарт қойды
Dar Team командасының бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі алдағы жекпе-жектеріне дайындық барысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бапкердің айтуынша, Шавкат Рахмонов кез келген қарсыласқа кем дегенде екі жарым - үш ай ішінде толыққанды дайындала алады.
Қазіргі таңда Шавкатқа қатысты нақты қарсылас та, жекпе-жек те ұсынылған жоқ. Бізге айқасқа дайындалу үшін кемінде екі жарым – үш ай қажет. Шавкат үнемі жаттығуда, залда, бабында. Алайда бәрі жекпе-жектің қай айда, қай күні өтетініне байланысты. Үйде күнделікті жаттығу жасау бір бөлек, ал арнайы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, қарсыласқа бейімделу мүлде басқа дүние. Бір ай немесе бір жарым ай біз үшін жеткіліксіз. Бізге міндетті түрде екі жарым ай керек, - деді Эдуард Базров.
Осыған дейін қазақстандық спортшыға UFC-дің жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы, австралиялық Джек Делла Маддалена жекпе-жекке шығу жөнінде шақыру тастаған болатын.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған