Шавкат Рахмоновтың бапкері келесі-жек туралы пікір білдірді
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың командасының бас бапкері, DAR Team жетекшісі Эдуард Базров оның октагонға қашан және кімге қарсы оралатыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Эдуард Базров командада қарсыласқа қатысты ешқандай инсайд немесе ресми ақпарат әзірге шықпағанын алға тартты. Оның айтуынша, әзірге тыныштық сақталып отыр. Дегенмен америкалық файтер Хоакин Бакли бірнеше рет Шавкатты жекпе-жекке шақырып жүргенін атап өтті. Бұдан өзге ықтимал қарсыластар туралы командада нақты мәлімет айтылмаған.
Бапкер Баклимен мүмкін болатын жекпе-жекке де тоқталды. Оның пікірінше, Баклидің шабуылдағы соққысы өте ауыр әрі нокаутқа қабілетті, алайда қорғанысы әлсіздеу. Сондықтан мұндай жекпе-жекте Шавкаттың қозғалыс, аяқпен жұмыс және күрес дағдыларын тиімді қолдану маңызды болмақ.
Сонымен қатар Базров Шавкаттың тек күреске ғана емес, тік тұрып төбелесуге де әлеуеті жоғары екенін айтты. Оның бойы, қол-аяқтарының ұзындығы стойкада артықшылық береді. Алайда Баклиге ыңғайлы қашықтыққа жақындамау негізгі тактикалардың бірі болады. Қазіргі таңда Хоакин Бакли жартылай орта салмақтағы рейтингте 10-орында тұр және жазда экс-чемпион Камару Усманнан жеңілген. Ал Шавкат Рахмонов рейтингте үшінші орында, ол екі рет чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығуы тиіс болғанымен, түрлі себептермен бұл кездесулер өтпей қалған.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған