457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шавкат Рахмонов UFC рейтингісінде бір саты төмен түсті

Бұған дейін үшінші орында тұрған Шавкат Рахмонов қазір төртінші орынға тұрақтады

UFC әлемдік аралас жекпе-жек лигасы 18 қарашадағы жаңартылған салмақтық рейтингін жариялады, деп жазады malimsports.kz

Қазақпараттың жазуынша, жартылай орта салмақта Қазақстан атынан өнер көрсететін Шавкат Рахмоновтың позициясында өзгеріс бар.

UFC 322 турнирінен кейін бұл салмақта жаңа чемпион анықталды – Ислам Махачев. Осыған байланысты рейтингте де ауыс-түйіс болды. Чемпион Махачевтен кейінгі бірінші орында енді одан титулдық жекпе-жекте жеңілген бұрынғы чемпион, австралиялық Джек Делла Маддалена тұр. Екінші орында – тағы бір экс-чемпион, америкалық Белал Мухаммад.

Ал үшінші орынға америкалық Майкл Моралес көтерілді. Ол UFC 322-де рейтингінің бұрынғы екінші нөмірі Шон Брэдиді жеңіп, бірден бес сатыға жоғарылады.

Бұған дейін үшінші орында тұрған Шавкат Рахмонов қазір төртінші орынға түсті. Қазақстандық файтер 2024 жылдың желтоқсанынан бері октагонға шыққан жоқ. 2025 жылды ол жарақаттан кейін қалпына келтіруге арнап отыр.

Үздік бестікке бразилиялық Карлос Пратес те енді. Ол экс-чемпион Леон Эдвардсты жеңген соң рейтингіде бес позицияға көтерілді.

Фото: