Мәзір
Жаңалықтар

Шавкат Рахмонов UFC-ден кете ме?

Сабина Асқарқызы 107 қаралым
Шавкат Рахмонов UFC-ден кете ме?

Әлеуметтік желілерде қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC ұйымынан кететіні туралы ақпарат тарады. Бұл жайында ресейлік блогер Владимир Колос өзінің Telegram-арнасында жазған, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алайда Dar Team өкілі Эдуард Базров бұл деректі жоққа шығарды. «Бізге ондай ақпарат түскен жоқ», – деді ол. Сонымен бірге, Рахмоновтың командасы спортшының жаттығу үстіндегі видеоларын жариялап, оның дайындықты жалғастырып жатқанын көрсетті.

Еске салсақ, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында UFC октагонына шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген болатын. Кейін оған ота жасалды. Дәрігерлердің болжамынша, 2025 жылы спортшы октагонға оралмайды.

 

Фото: әлеуметтік желіден

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар