457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шавкат Рахмонов Ислам Махачевтің басты қарсыласы ма

Ислам Махачев үшін ең күрделі қарсылас Шавкат Рахмонов емес, Камару Усман болуы мүмкін.

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC чемпионы Ислам Махачевке ең қауіпті қарсылас деген бейресми мәртебеден айырылды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Мұндай пікірді ауыр салмақтағы ACA ұйымының бұрынғы чемпионы Евгений Гончаров білдірді.

Гончаровтың айтуынша, жартылай орта салмақтағы үздік бес файтердің деңгейі шамалас. Алайда Ислам Махачев үшін ең күрделі қарсылас Шавкат Рахмонов емес, Камару Усман болуы мүмкін. Ол Джек Делла Маддаленаны бұл дивизиондағы ең мықты спортшы деп есептемейтінін атап өтті.

«Шавкат Рахмонов, Камару Усман және Карлос Пратес - бәрі де жақсы жеңісті серияда келе жатыр. Пратес қарсыластарын бір соққымен сөндіре алады, сондықтан оны қауіпті емес деуге болмайды. Бірақ ең жоғары деңгейдегі жекпе-жек Усманмен болмақ. Ол жартылай орта салмақта бес мәрте чемпиондық атағын қорғаған. Өзінің мықтылығын әлдеқашан дәлелдеген спортшы», - деді Гончаров.

Сарапшының пікірінше, Усман - Махачев үшін стильдік тұрғыдан ыңғайсыз қарсылас. Камару күресте де, соққы алмасуда да өте мықты, сол себепті бұл айқас барынша тартысты әрі бәсекелі өтеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде екінші орында тұр, ал Камару Усман сегізінші сатыға жайғасқан. Бұған дейін ММА қауымдастығының көптеген өкілдері дәл қазақстандық файтерді Ислам Махачевке басты қауіп деп санаған болатын. Алайда Махачевтің өзі Усманмен жекпе-жек өткізуді жиі қалайтынын ашық айтқан.

Фото: Ашық дереккөзден