Шавкат Рахмонов ең үздік жеңілмеген спортшы қатарынан төмен сырғыды
Қазақстандық ММА жұлдызы Шавкат Рахмонов UFC-дегі үздік жеңілмеген спортшы мәртебесінен айырылды, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Рахмонов (19-0) бұрын Мовсар Евлоев және Майкл Моралес сияқты спортшылармен бірдей, жеңілмеген рейтингте бірінші орындарды бөлісіп келген. Алайда Евлоев Лондонда өткен UFC Fight Night 270 турнирінде ағылшын спортшысы Лерон Мерфи (17-1-1) жеңіп, өз рекордын 20-0-ге жеткізді.
Осылайша, қазір Мовсар Евлоев UFC-дегі ең үздік жеңілмеген спортшы ретінде жалғыз жетекші атанды, ал Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес екінші орынға төмендеді.
Айта кетейік, Рахмонов соңғы рет октагонға 2024 жылғы желтоқсанда шыққан. Қазақстандық спортшы әлі де жарақаттан кейінгі қалпына келу кезеңінде және операциядан кейінгі емделуін жалғастыруда.
Фото: Sports.kz
Ең көп оқылған