457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына кімдер қатысады?

Бүгінгі жарыс бағдарламасы аясында шаңғымен тұғырдан секіру бәсекелері өтеді.

Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғы спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бүгінгі жарыс бағдарламасы аясында шаңғымен тұғырдан секіру бәсекелері өтеді.

Бұл додада 2026 жылғы Олимпия ойындарының қатысушысы Илья Мизерных өнер көрсетеді.

Қазақстан құрамасы сапында сондай-ақ Давид Гааль, Артем Мешков, Даниил Калинкин, Виктория Рулева, Анастасия Горунова, Алиса Седова және Алена Свириденко бар.

4 наурызда қыздар арасындағы жарыс өтсе, 5 наурызда ерлер сынға түседі. Бағдарламаға командалық бәсекелер де енгізілген.

Еске сала кетейік, Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпия ойындарында үлкен тұғырда сегізінші орынға ие болған еді.

 

 

 

Фото: ҰОК