457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шаңғымен тұғырдан секіруден қос қазақстандық жүлдегер атанды

Данил Васильев 277 ұпай жинап, топ жарса, Илья Мизерных 269 ұпаймен күміс медаль иеленді.

Польшаның Щирк қаласында өткен Orlen Cup халықаралық турнирі қазақстандық спортшылар үшін сәтті аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz

К-95 трамплинінде сынға түскен Данил Васильев 277 ұпай жинап, топ жарды. Оның ізін ала Илья Мизерных 269 ұпаймен күміс медаль иеленді. Үшінші орынға 259,5 ұпай алған польшалық Клеменс Сташель тұрақтады.

Қазақстандық басқа спортшылар да жақсы нәтиже көрсетті: Сабыржан Муминов – 253 ұпаймен бесінші, Сергей Ткаченко – 246,5 ұпаймен тоғызыншы, ал Святослав Назаренко – 228,5 ұпаймен 16-орынға табан тіреді.

Бұл жарыс қазақстандық жас шаңғышылардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы