Мәзір
Жаңалықтар

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға қалай дайындалып жатыр?

Сабина Асқарқызы 63 қаралым
Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға қалай дайындалып жатыр?

Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу кезеңінің соңғы сындарына дайындалуда. Бас бапкер Павел Васильевтің айтуынша, биылғы маусым команда үшін табысты өтіп, бірнеше маңызды нәтижеге қол жеткізген, деп хабарлайды malimsports.kz.

Olympic.kz сайтына берген сұхбатында ол спортшылардың қазіргі дайындығына тоқталып, Италияда өтетін Олимпиадаға жолдама алу мүмкіндіктерін атап өтті. «Құрамамыз сенімді өнер көрсетуде. Жаттығулар барысында спортшылар бірнеше рет ең алыс қашықтыққа секірді. Телемарк тәсілімен қону кезінде кейбір кемшіліктер болды, бірақ қазір оларды түзету үшін жүйелі жұмыс жүргізілуде. Спортшылардың физикалық дайындығы жоғары, секіру қашықтығы үміт береді. Техникалық жақтарды жетілдірсек, нәтиже бұдан да жақсы болады», – деді бас бапкер.

Осы маусымда қазақстандық спортшылар FIS Кубогы мен Гран-при кезеңдерінде бірнеше рет жүлдеге ие болды. Польшадағы халықаралық турнирде де медаль жеңіп алды. Илья Мизерных пен Данил Васильев Әлем кубогының кезеңдерінде, соның ішінде атақты «Төрт тұғыр турнесінде» де сәтті өнер көрсетті.

«Көптеген жарыста біз үздік жиырма спортшы қатарынан көрінуге жақын болдық. Мизерных іріктеу кезеңінде 14-орынға тұрақтады. Бұл команданың әлеуетін айқын көрсетеді. Дегенмен, турне кезінде оның комбинезоны стандарттан екі миллиметрге қысқа болып, екінші сары қағаз алғандықтан, спортшы турненің соңғы кезеңі мен Закопанедегі Әлем кубогының кезеңіне қатыса алмады», – деп түсіндірді Павел Васильев.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы үш олимпиадалық квотаға үміткер. Үшінші жолдаманың тағдыры алдағы демалыс күндері шешіледі. Олимпиадаға қатысатын спортшылардың түпкілікті тізімі 20 қаңтарда жарияланады.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар