Мәзір
Жаңалықтар

Шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогында қазақстандықтар жүлдесіз қалды

Берік Дәулетов 113 қаралым
Шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогында қазақстандықтар жүлдесіз қалды

Инсбрук (Австрия) қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Сайыстың финалдық кезеңіне Қазақстан құрамасының екі спортшысы қатысты.

Нәтижесінде Илья Мизерных 20-орынды иеленді. Данил Васильев 33-ші болды.

Айта кетейік, бұл кезең алдыңғы екі кезең сияқты «Төрт тұғыр турына» кіреді. Турнирдің аяқталуына дейін бір Әлем кубогының кезеңі қалғанда Мизерных жалпы есепте 22-ші орында, ал Васильев - 38-ші орында келе жатыр.

Словакиялық Домен Превц көш бастап тұр.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар