Шаңғымен тұғырдан секіруден әлем чемпионатында отандық спортшылар жүлдесіз қалды
Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлем біріншілігінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар төрт рет үздік ондықтың қатарына енді.
Жекелей сында Илья Мизерных алтыншы орынмен жарысты аяқтады.
Ал әйелдер арасындағы командалық жарыста Анастасия Горунова, Алиса Седова, Алена Свириденко және Виктория Рулева жетінші орынға ие болды.
Осы бағдарламада ерлер құрамасы сапында өнер көрсеткен Илья Мизерных, Даниил Калинкин, Артем Мешков және Давид Гааль алтыншы орынға тұрақтады.
Сонымен қатар Қазақстан аралас командалар арасындағы жарыста да үздік ондыққа енді. Бұл сайыста Илья Мизерных, Артем Мешков, Виктория Рулева және Алена Свириденко сегізінші орын алды.
Фото: ҰОК
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған