457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы нәтижелері қандай

Ерлер арасындағы жарыста Әмірғали Мұратбеков жеңіске жетті.

Шаңғы жарысынан Щучье қаласында өтіп жатқан Қазақстан кубогы аясында масс-стартта жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды malimsports.kz

Ерлер арасындағы жарыста Әмірғали Мұратбеков жеңіске жетті. Күміс жүлде Олжас Климинге бұйырса, қола медальға Виталий Пухкало ие болды.

Әйелдер бәсекесінде Надежда Степашкина бірінші орын алды. Екінші болып Ксения Шалыгина мәре сызығын кессе, Дарья Ряжко үшінші орынды қанағат тұтты.

Бұған дейін турнир аясында скиатлон бойынша жеңімпаздар анықталған болатын. Қатысушылар 10 шақырымды классикалық стильде және 10 шақырымды еркін стильде жүріп өтті. 

Фото: ҰОК