457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Самоделкина әлем чемпионатында еркін бағдарламаға жолдама алды

Қысқа бағдарламада жапониялық Каори Сакамото 79,31 ұпаймен көш бастады

Прага қаласында (Чехия) өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей сайыстың қысқа бағдарламасы аяқталды.

Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина төрешілерден 66,95 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады. Бұл нәтиже оған үздік 24 спортшының қатарына еніп, еркін бағдарламаға жолдама алуға мүмкіндік берді.

Қысқа бағдарламада жапониялық Каори Сакамото 79,31 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды тағы бір жапониялық спортшы Монэ Тиба (78,45 ұпай) иеленді. Ал үшінші орын америкалық Эмбер Гленнға (72,65 ұпай) бұйырды.

Әйелдер арасындағы жекелей сайыстың еркін бағдарламасы 27 наурыз күні өтеді.

Фото: ҰОК