457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Салмақ өлшеу кезінде есінен танып қалған UFC жауынгері жағдайын айтты

Смазерман қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғыс айтып, сондай-ақ қарсыласы Рикки Турсиостан қолайсыз жағдай үшін кешірім сұрады.

UFC 324 турнирі алдындағы ресми салмақ өлшеу рәсімінде есінен танып қалған америкалық файтер Кэмерон Смазерман өзінің жағдайы қалыпты екенін мәлімдеді. Алайда оқиғаның нақты себебі әзірге анықталмаған, деп жазад malimsports.kz

«Қазір болған жағдайдың нақты неден шыққанын айта алмаймын. Алдағы апталарда қосымша талдаулар тапсырып, толық медициналық тексеруден өтуім керек. Сонда ғана бәрі белгілі болады», - деді Смазерман Instagram желісінде жарияланған бейнежазбада. 

Жауынгердің айтуынша, ол салмақ қуу барысында шектен шықпаған.

«Салмақты өте аз тастадым, оның ішінде соңғы аптада да айтарлықтай өзгеріс болған жоқ», - деп атап өтті ол.

Смазерман қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғыс айтып, сондай-ақ қарсыласы Рикки Турсиостан аталған қолайсыз жағдай үшін кешірім сұрады.

Еске салайық, 28 жастағы Смазерман салмақ өлшеу кезінде жеңіл салмақ дәрежесінің лимитіне сыйғанымен, таразыдан түскеннен кейін бірнеше қадам жасап барып есінен танып, құлап қалған. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді.

Кэмерон Смазерман UFC 324 турнирінде (Парадайс қаласы, Невада штаты) отандасы Рикки Турсиоспен жекпе-жек өткізуі тиіс болған, алайда спортшының жағдайына байланысты кездесу өтпей қалды. 

Фото: Global Look Press