5-12 қыркүйек аралығында Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы блоктық садақ сайысында жартылай финалға дейін жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Роксана Юнусова өнер көрсеткен команда жолда Польша, Эстония және Италия құрамаларын қапы қалдырды. Жартылай финалда отандастарымыз әлемнің вице-чемпионы саналатын Мексикамен тең түсіп (231:231), қосымша атыста 29:30 есебімен есе жіберді.
Қазақстан құрамасының нәтижелері:
1/16 финал: Польша – 229:227
1/8 финал: Эстония – 230:226
1/4 финал: Италия – 228:227
1/2 финал: Мексика – 231:231 (қосымша атыс – 29:30)
Осылайша, қазақстандық арулар енді әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Ұлыбритания құрамасымен кездеседі. Жүлделі бәсеке ертең өтеді.