Мәзір
Жаңалықтар

Садақ атудан әлем чемпионатында кімдер сынға түседі

Сабина Асқарқызы 246 қаралым
Садақ атудан әлем чемпионатында кімдер сынға түседі

Садақ атудан Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтетін әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық мергендер анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Әлем біріншілігінде ел намысын төмендегі спортшылар қорғамақ.

Ерлер арасында классикалық садақ атудан Ильфат Абдуллин, Дастан Кәрімов, Иван Берча әлем біріншілігіне барады. Сондай-ақ, әйелдер арасында Самира Жұмағұлова, Диана Тұрсынбек, Александра Земляноваға сенім артылып отыр. 

Ерлер арасында блоктық садақ атудан Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев, Ділмұхаммед Мұса тізімге енсе, әйелдер санатында Әдел Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова өз әлеуметерін сынап көрмек. 

Айта кетейік, әлем чемпионаты 5-12 қыркүйек аралығында өтеді.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар