Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында садақ атудан әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Жаһандық додада әлемнің 74 елінен келген 500-ден астам спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жүлде үшін қазақстандық мергендер де бақ сынайды. Оңтүстік Кореяда ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі төмендегідей:
Классикалық садақ
Ерлер: Ильфат Абдуллин, Дастан Кәрімов, Иван Берча
Әйелдер: Самира Жұмағұлова, Диана Тұрсынбек, Александра Землянова
Блоктық садақ
Ерлер: Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев, Ділмұхамед Мұса
Әйелдер: Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова
Айта кетейік, садақ атудан әлем чемпионаты 1931 жылдан бері өткізіліп келеді.