Сабина Алтынбекова туған күніне қымбат сыйлық алды
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова өзінің алған сыйлығын көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы 5 қараша күні 29 жасқа толады. Алайда ол туған күніне бір ай қалғанда алғашқы сыйлығын алып үлгергенін жазды.
«Туған күніме әлі бір ай бар, бірақ екі апта бұрын алғашқы сыйлығымды алдым. Бұған дейін мінгендерімнің ішіндегі ең ыңғайлы әрі ең жаңа көлік десем болады. Рахмет», – деп жазды волейболшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ал көліктің маркасын және сыйлық иесін Сабина нақтыламады.
Айта кетейік, бұған дейін аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Сабина Алтынбековаға фильмде рөл ұсынған болатын.
Фото: Ашық дереккөзден
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған