Сабина Алтынбекова өзін "ажырасқан" деп жазған басылымды сотқа бермек
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова «Спортивная Орда» басылымын сотқа беретінін мәлімдеді. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп жазады malimsports.kz.
Сабина Алтынбекованың айтуынша, аталған басылым оның жеке басына анықтама беріп, «ажырасқан» деген сөзді үнемі қолданатын болған.
«Спортивная Орда» парақшасында мен туралы ақпарат жарияланды. Онда менің отбасылық жағдайым «ажырасқан» екені бірнеше рет атап көрсетілген. Жеке өміріме қатысты мәліметтерді таратуға келісім берген жоқпын. Мұндай ақпаратты ұсыну қорлау сипатында болып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, соның ішінде «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен кепілдік берілген ар-намысым, қадір-қасиетім және жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқықтарымды бұзады», - деді волейболшы.
Сонымен бірге, Алтынбекова аталған жағдайға байланысты бірнеше талап қойып отыр.
«Жеке өміріме қатысты мәліметтерді алып тастай отырып, материалдарды жою немесе редакциялау, 7 күн ішінде ресми түрде кешірім сұрау (немесе теріске шығару) жариялау және талаптардың орындалғаны туралы маған жазбаша түрде хабарлау. Белгіленген мерзімде талаптарым орындалмаған жағдайда, өз құқықтарымды қорғау және моральдық зиянды өндіру үшін сотқа жүгінуге мәжбүр боламын”, - деді ол.
Осылай деген отандық волейбол жұлдызы басылымның өзі туралы шығарған мақалаларының тақырыбын жариялап, көпшілікке көрсетті. Онда спортшының атымен бірге «ажырасқан» сөзі үнемі бірге қосақталып жазылған.
Фото: Ашық дереккөзден
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған