457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сабина Алтынбекова есімі жыл қорытындысы бойынша күтпеген ажырасулар тізіміне енді

2021 жылдың қазан айында ерлі-зайыптылардың ұлы дүниеге келген.

«Спорт-Экспресс» басылымы 2025 жылдың қорытындысын шығарып, ең күтпеген ажырасулардың тізімін жариялады. Бұл қатарға қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың да ажырасуы енген, деп жазады malimsports.kz

Аталған тізімде сондай-ақ футболшы Бастиан Швайнштайгер мен бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы Ана Иванович, рэпер Cordae мен теннисші Наоми Осака, әйгілі бапкер Хосеп Гвардиола мен оның бұрынғы жұбайы Кристина Серра бар.

Материалда Сабина Алтынбекова мен кәсіпкер Саят Салманұлының отбасылық өмірі де кеңінен баяндалған. Ерлі-зайыптылар 2020 жылы некеге тұрып, бір жылдан кейін отбасында ұл бала дүниеге келген. Алайда басылым мәліметінше, волейболшының отбасылық өмірі ойдағыдай болмаған. Қарым-қатынастағы қиындықтар 2023 жылдан басталып, сол кезде Сабина әлеуметтік желіден жолдасымен түскен барлық суреттерін өшірген. Ол бұл шешімін «көз тимесін» деген ниетпен байланыстырғанын айтқан.

Бірнеше жыл бойы Сабина Алтынбекова мен Саят Салманұлы отбасын сақтап қалуға тырысқанымен, нәтиже болмаған. 2025 жылдың наурыз айында қазақстандық спортшы әлеуметтік желіде жазба жариялап, кәсіпкермен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді.

Еске салайық, биыл наурызда «Қазақстанның ең сұлу волейболшысы» атанып жүрген Сабина Алтынбекова продюсер Саят Тостықбаевпен ажырасқанын жариялаған болатын. Кейін ол болашақтағы серігі қандай талаптарға сай болуы керектігін де бөлісті. Сондай-ақ спортшы бұрынғы жұбайымен қалай танысқанын айтып, тұрмыс құру оның өміріне үлкен өзгеріс әкелгенін мойындаған. 2021 жылдың қазан айында ерлі-зайыптылардың ұлы дүниеге келген.

Фото: Ашық дереккөзден