457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сабина Алтынбекова «Астана» клубына ауысты

Қазақстандық волейболдың жарқын жұлдызы, 28 жастағы Сабина Алтынбекова енді «Астана» клубының намысын қорғайды. Бұл жайында спортшы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жаңа командасына қосылған волейболшы клуб жейдесін киіп, фотосессия жасап үлгерді. Бұрынғыдай ол алаңға 20-нөмірмен шығады.

Жеке өміріндегі өзгерістер

2025 жыл Сабина үшін түрлі оқиғаларға толы болды. Жыл басында ол бес жылға созылған некесінің аяқталғанын мәлімдеген еді. Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланғанымен, спортшы жеке өмірінің егжей-тегжейін ашып айтпады.

Танымалдыққа жол

Сабина Алтынбекова алғаш рет 2014 жылы Тайбэйде өткен Азия чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы сапында жарқ ете шықты. Сымбатымен ерекшеленген волейболшыны жергілікті жанкүйерлер бір күнде-ақ халықаралық жұлдызға айналдырды.

Халықаралық тәжірибе

Әр жылдары ол Индонезия, Жапония және БАӘ клубтарында ойнады. Жетістіктерінің ішінде «Әл-Васл» клубымен бірге Араб чемпионатында жеңіп алған алтын медалі ерекше аталады.

Енді қазақстандық жанкүйерлер Сабина Алтынбекованы «Астана» клубының сапында тамашалай алады.

Фото: Instagram altynbekova_20