Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем кубогында топ жарды
Бұл күндері Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бүгін Ұлттық құрама көшбасшысы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Руслан Курбанов жекелей сынның жеңімпазы атанды. Ол ақтық сында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Давиде ди Веролиді (Италия) жеңді. Есеп: 15:14.
Отандасымыздың жекпе-жектер нәтижесі мынадай:
1/32 айналым: Эльмир Әлімжанов (Қазақстан) 15:14
1/16 айналым: Давид Надь (Мажарстан) 15:13
1/8 айналым: Акира Комата (Жапония) 15:11
1/4 кезең: Никита Жулинский (Қазақстан) 15:14
Жартылай финал: Тристан Тюлен (Нидерланд) 15:9
Сонымен қатар, бұл жарыста алғаш рет Ұлттық құраманың 4 спортшысы - Руслан Курбанов, Никита Жулинский, Кирилл Проходов пен Александр Федотов ТОП-16 қатарына кірді. Хайденхаймдағы кезеңде 44 мемлекеттің 373 үздік семсерлесу шебері күш сынасып жатыр.
Еске сала кетейік, былтыр жазда Грузия астанасы Тбилисиде өткен семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы кіші финалда Францияны жеңіп, қола медаль жеңіп алған. Бұл спорттың осы түріндегі тарихи жүлде саналады.
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған