Руслан Құрбанов Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Руслан Курбанов Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында жүлдегер атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Шпага шебері жарысты сәтті өткізіп, жартылай финалға дейін жетті. Финал жолдамасы үшін болған кездесуде ол Тайбэй өкілі Жан Лиге 12:15 есебімен жол берді.
Осылайша, Руслан Курбанов 2026 жылғы Азия чемпионатының қола медалін иеленді.
Қазақстандық спортшы жарыс барысында ирандық Әли Намази, сингапурлық Си То Цзяньтун, қырғызстандық Илим Бақытбек Уулу және қытайлық Юйхань Сюйді жеңіп, үздік төрттікке жолдама алған болатын.
Жекелей сындағы басқа қазақстандық семсерлесушілер де жақсы нәтиже көрсетті. Кирилл Проходов жарысты бесінші орынмен аяқтаса, Ерлік Сертай тоғызыншы сатыға тұрақтады. Ал Никита Жулинский үздік 24 спортшының қатарына енді.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған