457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Руслан Құрбанов Астанадағы Әлем кубогінің күміс жүлдегері атады

Семсерлесуден Астанада тұңғыш рет өтіп жатқан Әлем кубогінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ерлер арасындағы жарыста 277 спортшы бақ сынап, Руслан Құрбанов күміс медаль иеленді. Финалда отандасымыз Украина өкілі Роман Свичкарьмен кездесіп, 12:15 есебімен жол берді.

Құрбанов жарыс барысында бірнеше мықты қарсыласты жеңіп, финалға дейін жетті. Атап айтқанда, ол грузиялық Дмитрий Швелидзені (15:8), португалиялық Филипе Фразаоны (15:11), Мигель Фразаоны (15:10), жапониялық екі дүркін Олимпиада чемпионы Коки Каноны (9:8) және венгриялық Давид Надьді (15:13) ұтты.

Айта кетейік, Руслан Құрбанов 2026 жылдың ақпан айында Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанған болатын.

Фото: ҰОК