Руслан Есеналин Анель Цойды Азия ойындарындағы жеңісімен құттықтады
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан III жасөспірімдер Азия ойындарында Астана құрамасы сапында өнер көрсеткен Анель Цойды жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Modern MMA бойынша 45 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған жас спортшы барлық іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, финал жолдамасы үшін күресте филиппиндік Чарли Ратклиффке есе жіберді. Нәтижесінде Анель Цой жарысты қола медальмен аяқтады.
Руслан Есеналиннің айтуынша, мұндай жетістіктер тек медальмен шектелмейді, олар жас спортшылардың тәжірибе жинап, кәсіби деңгейге көтерілуіндегі маңызды қадам болып саналады. Ол жастардың Азия ойындарына қатысуы олардың шеберлігін шыңдап, болашақ ірі халықаралық жарыстарға дайындық екенін атап өтті.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 7 күміс және 13 қола медаль бар. Барлығы – 25 марапат. Ел құрамасы жалпыкомандалық есепте ең үздік бес команданың қатарында келеді.
Фото: ҚР спорт комитеті
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған