Роналду үйлену тойына кімдерді шақырғаны мәлім болды
Әлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналду мен оның ұзақ жылдан бергі серігі Джорджина Родригестің үйлену тойы осы демалыста Португалияда өтуі мүмкін. Бұл туралы бірқатар еуропалық БАҚ хабарлады, деп жазады malimsports.kz.
Мәліметтерге сәйкес, салтанатты рәсім Португалиядағы әйгілі Кинта-да-Регалейра сарай кешенінде ұйымдастырылады. Алдын ала жарияланған қонақтар қатарында Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Рио Фердинанд, Дженнифер Лопес, Дрейк, Рианна, Трэвис Скотт, Хабиб Нұрмағомедов және танымал стример IShowSpeed секілді әлемге әйгілі тұлғалар бар.
Алайда Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес әзірге бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.
Айта кетейік, Роналду мен Джорджина 2016 жылдан бері бірге. Егер шетелдік БАҚ таратқан ақпарат расталса, бұл соңғы жылдардағы ең көп талқыланатын әрі ең жұлдызды үйлену тойларының біріне айналуы мүмкін.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған