457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Римдегі ірі турнирге Қазақстанның мықтылары аттанды

Италияның Рим қаласында 5 маусым күні таеквондодан Гран-при турнирі басталады. Халықаралық дода 7 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Аталған жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары да қатысады. Бас бапкерлік штаб турнирге қатысатын таеквондошылардың тізімін жариялады.

Құрамда 49 келіге дейінгі салмақта Айдана Құмартаева мен Нодира Ахмедова, 57 келіде Мария Севостьянова, 58 келіде Тамирлан Тілеулес, 68 келіде Самирхон Абабакиров, 80 келіге дейінгі салмақта Батырхан Төлеуғали мен Бекасыл Ергеш, ал 80 келіден жоғары санатта Бейбарыс Қаблан өнер көрсетеді.

Қазақстандық спортшылар үшін бұл турнир халықаралық рейтингтегі ұпай жинап, тәжірибе арттыруға мүмкіндік беретін маңызды додалардың бірі болмақ.

 

Фото: ҰОК