Ресейлік қақпашы сыйлыққа көлік алған Шерхан Қалмырзаны сын айтты

Ресейлік «ЦСКА» клубының қақпашысы Владислав Тороп «Қайрат» клубының жас ойыншысы Шерхан Қалмырзаға матчтан кейін сыйланған автокөлікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Еске сала кетейік, 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасының матчында мадридтік «Реалға» қарсы алаңға шығып, «Қайрат» 0:5 есебімен жеңілген болатын. Алайда осы ойындағы ерлігі мен қайсарлығына риза болған қазақстандық кәсіпкер оған Exeed маркалы автокөлік тарту етті.
Бұл жайтқа қатысты Владислав Тороп:
Қалмырзаға «Реалмен» 0:5 есебімен ойнағаннан кейін көлік сыйлапты. Егер біз «Барселонамен» сондай нәтижемен ойнасақ, мен ондай сыйлықты қабылдамас едім, - деп пікір білдірді.
Айта кетейік, бұл жағдай футбол жанкүйерлері арасында түрлі пікір тудырып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланған болатын. Бірі – жас спортшының ерлігіне сүйсінсе, енді бірі – жеңілістен кейін сыйлық алуды орынсыз деп санайды.
Фото: Ашық дереккөзден


Ең көп оқылған
