Мәзір
Жаңалықтар

«Реал» сырт алаңда «Мальоркадан» жеңілді

Сабина Асқарқызы 105 қаралым
«Реал» сырт алаңда «Мальоркадан» жеңілді

Мадридтің «Реал» клубы Испания чемпионатының 30-турында сырт алаңда «Мальоркаға» 1:2 есебімен жол берді, деп хабарлайды malimsports.kz.  

Кездесуде алаң иелері сапынан Ману Морланес (41-минут) пен Ведат Мурики (90+1) гол соқты. Ал «Реал» құрамында Эдер Милитао 88-минутта есепті теңестірген болатын.

Айта кетейік, «Мальорка» соңғы рет «Реалды» 2023 жылдың ақпан айында Ла Лигада 1:0 есебімен жеңген еді. Қазіргі таңда «Реал» 69 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орында тұр. Көш басында 73 ұпайы бар «Барселона» келеді. Ал «Мальорка» 31 ұпаймен 17-орында орналасқан.

Келесі турда «Реал» 10 сәуір күні өз алаңында «Жиронаны» қабылдайды. «Мальорка» екі күннен кейін «Райо Вальеканоға» қарсы матч өткізеді.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар