457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Реал Мадрид" футболшыларының трансферлік бағасы арзандады

Винисиус Жуниор мен Родригоның «Қайратқа» қарсы Чемпиондар лигасы матчынан кейін трансферлік құны төмендеп кетті

Мадридтің «Реалы» мен Бразилия құрамасының жетекші ойыншылары Винисиус Жуниор мен Родригоның «Қайратқа» қарсы Чемпиондар лигасы матчынан кейін трансферлік құны жаңарды, деп хабарлайды malimsports.kz El.kz интернет порталына сілтеме жасап. 

Transfermarkt сайты Испания Ла Лигасында өнер көрсететін футболшылардың құнын жаңартты. Команданың басты жұлдыздарының бірі — Винисиус Жуниордың бағасы бірден 20 миллион еуроға төмендеп, қазір ол 150 миллион еуро деп көрсетілген.

Родригоның да құны өзгерді. Бұған дейін 90 миллион еуро деп бағаланған ойыншының трансферлік құны 10 миллионға кеміп, қазіргі сәтте 80 миллион еуро болып тұр.

Жаңартылған толық тізімді Transfermarkt сайтынан көруге болады.

Фото: gettyimages.com