Мәзір
Жаңалықтар

"Реал Мадрид" Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды

Сабина Асқарқызы 112 қаралым
"Реал Мадрид" Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды

Реал Мадрид Манчестер Сити командасын жеңіп, Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчында «Манчестер Ситиді» 2:1 есебімен жеңді. Манчестерде өткен кездесуде жеңіс голы 93-минутта соғылды.

Жеңімпаздар сапында Винисиус Жуниор 22 және 90+3 минуттарда дубль авторы атанды. Ал «Сити» құрамында Эрлинг Холанд бір голмен көзге түсті.

Ойынның 20-минутында «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осыдан кейін ағылшын клубы матчтың көп бөлігін кем құрамда өткізді.

Алғашқы ойында «Реал» қарсыласын 3:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. Ол кездесуде Федерико Вальверде хет-трик жасаған. Екі матчтың қорытындысы бойынша жалпы есеп 5:1 болып, мадридтік клуб келесі кезеңге өтті.

Ширек финалда «Реал» Бавария мен Аталанта жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал турнирдің қазіргі чемпионы - ПСЖ, олар өткен жылы финалда Интер командасын 5:0 есебімен ұтқан еді.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар