457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Рахмонов пен Алмабаевтың UFC чемпионы атану мүмкіндігіне баға берілді 

Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін 1 наурызда Мехико қаласында (Мексика) өткізеді

«Канела» лақап атымен танымал бразилиялық файтер Жозе Энрике Соуза (8-1) Sports.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық спортшылар Шавкат Рахмонов (19–0) пен Асу Алмабаевтың (23-3) UFC чемпионы атану мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп жазады malimsports.kz

Иә, әбден мүмкін. Екеуі де өте мықты спортшылар. UFC чемпионы болуға жетерлік әлеуеті бар, - деді Соуза.

Айта кетейік, Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін 1 наурызда Мехико қаласында (Мексика) өткізеді. Ол жергілікті файтер, бұрынғы чемпион Брэндон Мореномен (23-9-2) кездеседі. Бұл кездесу Алмабаев үшін аса маңызды сын болмақ.

Ал Шавкат Рахмоновтың алдағы жоспарлары әзірге нақтыланған жоқ. Ол соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді (17–1) жеңген еді. Сол жекпе-жектен кейін Рахмонов жарақаттарына байланысты ұзақ уақыт емделіп, қалпына келу кезеңінен өтті.

Қазақстандық жанкүйерлер екі файтердің де UFC-дегі чемпиондық белбеуге қол жеткізуіне үлкен үміт артып отыр.

Фото: Ашық дереккөзден