457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Рахмонов Махачевке орта салмақтағы ең қауіпті екі қарсыластың бірі ретінде аталды

Махачев үшін Иэн Мачадо Гэрри дивизиондағы ең күрделі қарсылас болған жоқ.

ACA ұйымының жауынгері Эдуард Вартанян Ислам Махачевтің UFC-дегі жартылай орта салмақтағы ең қауіпті қарсыластарының қатарында қазақстандық Шавкат Рахмонов пен украиналық Ярослав Амосовты атады, деп жазады malimsports.kz. 

Вартанянның пікірінше, Махачев үшін Иэн Мачадо Гэрри дивизиондағы ең күрделі қарсылас болған жоқ. Ол америкалық Майкл Моралес өзінің физикалық көрсеткіштері мен соққы қуатының арқасында қауіпті болуы мүмкін екенін атап өтті.

Ал Шавкат Рахмонов пен Ярослав Амосовтың артықшылығы – олардың күрес пен соққы техникасын қатар меңгеруі әрі физикалық тұрғыдан мықты болуы.

«Шавкат Рахмонов пен Ярослав Амосов – Ислам үшін ең қауіпті қарсыластар. Оларда күрес те, соққы техникасы да, қажетті физикалық көрсеткіштер де бар. Сондықтан олар Махачевке шынайы бәсекелестік ұсына алады», – деді Вартанян.

Айта кетейік, 16 тамызда өткен UFC 330 турнирінде Ислам Махачев Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондық белдігін қорғады.

Қазақстандық Шавкат Рахмонов – кәсіби мансабында жеңіліп көрмеген UFC жауынгері. Ал Ярослав Амосов – Bellator ұйымының бұрынғы чемпионы.

Фото: Ашық дереккөзден 

Ең көп оқылған