Мәзір
Жаңалықтар

Рамазан Құсайынов Ислам ойындарында күміс жүлде иеленді

Сабина Асқарқызы 152 қаралым
Рамазан Құсайынов Ислам ойындарында күміс жүлде иеленді

Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы бір медальға қол жеткізді, деп жазады malimsports.kz. 
94 келіге дейінгі салмақта Рамазан Құсайынов екінші орын алды. Құсайынов ақтық сында Омар Надаға (Сауд Арабиясы) жол берді.
Айта кетейік, құраманың еншісінде қазір үш медаль бар. Бұған дейін Мариан Журавлева мен Алдияр Серік алтыннан алқа таққан еді.

Фото: ҰОК

 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар