Қызылорда облыстық садақ ату федерациясына жаңа басшы тағайындалды
Қызылордада облыстық садақ ату федерациясының жаңа жетекшісі болып белгілі кәсіпкер, Қайсар клубының иесі Исламғали Қозбақов сайланды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жиын қаланың сол жағалауындағы «Қайсар» стадионында өтті. Оған Азамат Өсімбеков, Бахтияр Артаев және БАҚ өкілдері қатысты.
Ұлттық федерация өкілдері Қозбақовтың кандидатурасын ұсынып, қатысушылар тарапынан қолдау тапты.
Енді жаңа басшы өңірде олимпиадалық спорт түріне жататын садақ атуды дамытуға, оның кәсіби деңгейін арттыруға күш салмақ. Сондай-ақ 11 мың орындық «Kaysar Arena» стадионында садақ ату үйірмесі ашылып, жұмысын бастады.
Фото: Қызылорда роблыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған