Қытай спортын басқарған шенеунік өлім жазасына кесілді
Қытайдың халықтық саяси кеңес консультативтік кеңесінің Бүкілқытайлық комитеті Бюросының бұрынғы мүшесі әрі Мемлекеттік дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Гоу Чжунвэнь пара алу және қызмет бабын асыра пайдалану ісі бойынша екі жылдық сынақ мерзімі мен кейін орындалатын өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік CCTV телеарнасы мәлімдеді.
2024 жылдың соңында Чжунвэнь Коммунистік партиядан шығарылып, партиялық тәртіп пен заңдарды өрескел бұзғаны үшін мемлекеттік қызметтен қуылған.
Соттың дерегінше, 2009-2024 жылдар аралығында Чжунвэнь өз лауазымын пайдаланып, бизнеске және түрлі жобаларды бекітуде заңсыз қолдау көрсеткен. Осы әрекеттері үшін ол 236 млн юаньнан (шамамен 33 млн доллар) астам заңсыз табыс алған.
Сот оны аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, өлім жазасына үкім шығарды. Алайда сот айыпталушының кінәсін мойындап, заңсыз алған табысын қайтарғанын ескеріп, оған екі жылдық сынақ мерзімімен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны жеңілдету немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босату қарастырылмаған.
Фото: sport24
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған