Қысқы Азия ойындары-2029: Алматыда жаңа спорт нысандары салынбайды
2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындары қарсаңында Алматыда жаңа спорт нысандарын салу жоспарланбаған, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, қаладағы қолданыстағы инфрақұрылымға арнайы мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде нысандардың халықаралық талаптарға сай екені және жарыстарды өткізуге толық мүмкіндік беретіні анықталған.
Бұл нысандар халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді және Азия ойындары бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Азия ойындары үшін қосымша жаңа спорт нысандарын салу қажет емес, - деді Серік Жарасбаев
Вице-министрдің сөзінше, бұған дейін Алматыда өткен 2011 жылғы қысқы Азия ойындары мен 2017 жылғы қысқы Универсиада қаланың ірі халықаралық додаларды қабылдай алатынын дәлелдеген.
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған